Дене шынықтыру жаттығуларын жүйелі түрде өткізуге және спорттық іс-шараларға белсенді қатысуға тарту; дене шынықтыру мен АӘД-ға саналы көзқарасты тәрбиелеу; әскери борыш, патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу мақсатында дене шынықтыру және АӘД  пәндерінің апталығы өтті. Апталық 2019 жылдың 8-12 сәуір аралығында өтті.


Апта шеңберінде келесі іс-шаралар өтті: "Спорт және АӘД туралы не білесің?" викторинасы, "Мен әскерге барар едім!"фотокөрмесі, оқу топтары арасында үстел теннисі бойынша жарыс, "Спорт ырғағында өмір"кітап көрмесі, "Патриоттарды өсірейік" атты кітап көрмесі, «Қазақстан Республикасының әскери оқу орындары» деректі фильмін көру, «Добры молодцы!» атты әскери-спорттық сайыс және «Халық ойындары» тақырыбында дене шынықтыру пәнінен ашық сабақ.

Мұндай пәндік апталықтар оқытушыларға да, студенттерге де қажет. Оқытушылар үшін - бұл шеберлікті арттыра отырып, біліктілікті жоғары деңгейге көтеру, тәжірибе алмасу және студенттермен тығыз қарым-қатынас жасау. Студенттер үшін - бұл өзін ашу, өзінің физикалық жағдайын сезіну, дене дайындығының деңгейін арттыру.



АӘД оқытушысы А.С.Бессмертная және дене шынықтыру пәні оқытушысы Б.Т.Кабаева