Бесқарағай ауданында Жастар жылының жабылу салтанаты өтті, оған ауданның барлық белсенді жастары қатысты.

Жыл қорытындысы бойынша сегіз номинациядан тұратын "мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін" Бесқарағай ауданы әкімінің сыйлығы өткізілді. "Жылдың жас мұғалімі" номинациясы бойынша Бесқарағай колледжінің педагог-психологы Е.Т.Глазинская  ал 2 курс студенті Нұрланбек Қайсар @nurlanbekuly10 "Жылдың жас студенті"номинациясы бойынша үздік атанды. Құттықтаймыз шын жүректен!!! Жаңа жетістіктер мен жеңістер тілейміз