Жаңалықтар

Дене шынықтыру жаттығуларын жүйелі түрде өткізуге және спорттық іс-шараларға белсенді қатысуға тарту; дене шынықтыру мен АӘД-ға саналы көзқарасты тәрбиелеу; әскери борыш, патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу мақсатында дене шынықтыру және АӘД  пәндерінің апталығы өтті. Апталық 2019 жылдың 8-12 сәуір аралығында өтті.

Ұлыстың Ұлы күні мейрамына орай Бесқарағай колледжінде «Қош келдің, әз-Наурыз» мерелелік іс-шара өткізілді.

2019 жылдың 27 – 28 ақпан күндері «Бесқарағай колледжі» КММ аудан әкімдігімен  бекітілген кестеге сәйкес аудан мектептерінде кәсіптік бағдар жұмысын атқара бастады.

"Бесқарағай колледжінде"КММ кеңес үкіметі әскерінің Ауғанстаннан шыққанына 30 жыл толуына орай тәрбие сағаты өткізілді. Бұл іс-шараның  мақсаты жасөспірімдерді отан сүйгіштікке  баулу. 

2019 жылдың 31қаңтар күні  «Бесқарағай колледжі » КММ –де салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында және  «Жастар жылы» аясында «Жастар спортты қолдайды!» атты колледж студенттері мен оқытушыларының арасында эстафеталық жарыс  өтті. Эстафетаға қатысушылар жарыста белсенділік танытып, сергектік қуатын алып, барлық жастарды спортпен айналысуға шақырды.

Бесқарағай колледжінің студенттері мен оқытушылары  жастар жылына арналған   трансляциясын көріп, қызығушылықпен тыңдадық,еліміздің жастарының  сөздерімен істері бізді қызықтырып, мақтан тұтқызды. Алдымызға бізде сондай болсақ деген мақсат  қойдық,ол үшін бізге колледжде бар жағдай жасалуда.

ШҚО ББ «Бесқарағай колледжі» КММ ТМ -221 «Ауыл шаруашылық өндірісінің тракторшы-машинисі» тобында «стартердің жұмысы және құрлысы» тақырыбында сабақ өткізілді.

Студентер оқытушының түсіндіруін қызығушылықпен тыңдай отырып, көрнекі құрылдарды,  стартер құрлысын көрсете алды.