2019 жылдың 27 – 28 ақпан күндері «Бесқарағай колледжі» КММ аудан әкімдігімен  бекітілген кестеге сәйкес аудан мектептерінде кәсіптік бағдар жұмысын атқара бастады.

Бірінші болып Қоянбай орта мектебін, Ерназар ауылындағы орта мектебінің оқушылары, мұғалімдері және ата-аналарына колледжбен таныстыру жұмысын колледж директоры Р.Ж.Нургалиев өзі жүргізді. Әңгімесі слайд, суреттер арқылы сүйемелденді. Әңгіме барысында колледж директоры мектеп түлектеріне колледжде оқытылатын мамандықтармен және студенттерге жасалған жағдайлар туралы ақпарат айтты. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толықтай жауап берілді.