Қыркүйектің 21-22-ші жұлдызында Бесқарағай ауылындағы Бесқарағай колледжі КММ-де Аймақтық Wordskills Shygys 2022 Ландшафтық дизайн құзыреттілігі бойынша жарыс өтті. Сайыс алдында Бас Сарапшы Раиым Нұрғалиев, өткізілетін алаңмен, пайдаланатын құрал-саймандармен, жабдықтармен, эскиз-жобалармен және шарттарымен таныстырып өтті. Техникалық сарапшы Сергей Голяндин жұмыс істеу алдында техника қауіпсіздігімен таныстырды. Жарысқа Семей құрылыс колледжінің студенттері Слямбек Қуаныш, Мұратбек Ұлағат жетекшісі Архат Оразғалиев және Бесқарағай колледжінің студенттері Баяндинов Серік, Баяндинов Берік жетекшісі Құралай Жабағина қатысты. Жарыс 4 тапсырмадан құралған. Қатысушылар барлық тапсырмаларын өз шығармашылықтарымен орындап шықты. Жарысқа қатысушылардың жұмысын, сарапшы-компатриоттар бағалап, қорытындысын, басқа құзыреттіліктер бойынша өткен сайыстардың нәтижесімен бірге анықталады. Жеңімпаз қараша айында Астана қаласында өтетін Ұлттық Wordskills Kazakhstan 2022 жарысына Абай облысы атынан қатысады.