«Бесқарағай колледжі» КММ Жастар ісі жөніндегі комитетінің студенттері халықтың әлеуметтік осал топтарының отбасыларынан шыққан студенттерге Семей қаласындағы ағайынды Невзоровтар атындағы мұражайға баруды ұйымдастыруда волонтерлік жұмысқа жан-жақты көмек көрсетті. Мұражайды аралаған студенттер атақты суретші Рембрандттың ХVII ғасырдағы түпнұсқа туындыларымен, сондай-ақ басқа да көптеген атақты суретшілердің жұмыстарымен танысты. Мұражайға барған балалар жақсы эмоцияға ие болды.