31.03.2022 ж. "Бесқарағай колледжі" КММ педагог – психолог "Қыз бала есейген кезде" тақырыбында 2-3 курс қыздарымен әңгіме өткізді. Осы тақырып бойынша бейнероликтерді көрсеткеннен кейін студенттер сауалнамаларды толтырды. Аталған іс-шараның мақсаты өз денсаулығын сақтауға уәждемені қалыптастыруға ықпал ету, адамның репродуктивті денсаулығын сақтау туралы білім деңгейін арттыру; жас ұрпақтың ар-намысы мен қадір-қасиетінің моральдық негіздерін тәрбиелеу болып табылады.