Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында ҚР Парламенті Сенатының төрағасы М.Әшімбаев ШҚО ББ "Бесқарағай колледжі" КММ директоры Р. Ж. Нұрғалиевке депутаттың белсенді қызметі және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Алғыс жариялады. Сондай-ақ Раиым Жолдаспекұлы көп жылғы, жемісті еңбегі және ШҚО білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі үшін ШҚО әкімі Д.Ахметовтің грамотасымен марапатталды.

          Жоғары нәтижелер мен жүлделі орындарға ие болған Бесқарағай колледжінің студенттері "World skills Kazakhstan 2021" VI Ұлттық чемпионатына қатысқан Мищенко Елена, Баяндинов Серік, Баяндинов Берік Бесқарағай әкімі Ж.Байсабыровтан алғыс хаттар алды.

          Бесқарағай колледжінің ұжымы Раиым Жолдаспекұлын және арнайы пән оқытушыларын Ақмарал Шайкенқызы, Құралай Талғатқызы және

 жоғары марапатқа ие студент-жүлдегерлерді шын жүректен құттықтайды!!! Сіздің қажырлы еңбектеріңіз бағаланды!