14.12.2021 ж. "Бесқарағай колледжі" КММ-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған колледждік іс-шара өтті. Директор Р. Ж. Нұрғалиев барлық шақырылған қонақтарды, ұжым және студенттерді құттықтады. Раиым Жолдаспекович қызметкерлерге, студенттерге грамоталар, ата-аналарға өз балаларына жақсы  тәрбие бергені үшін,  әлеуметтік әріптестерге  колледждің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін алғыс хаттармен табыс етті. "WorldSkills Kazakhstan-2021"Ұлттық чемпионатының қатысушыларын ерекше атап өтті.