Кітап-адамзат ақыл-ойының інжу-маржанын бойына жинайды да, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді, дәл бір темір мен тастан қашалып жасалған ескерткіштердей, ғасырлар бойына сақталады.
«Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» деп ойшыл Абай Құнанбаев айтып кеткендей, түйсігі бар әрбір адамдар үшін ғылым мен білімнің қайнар көзі кітапта екенін ұғамыз.
Колледжіміздің кітапханасында қазақ, орыс, ағылшын әдебиеттерін оқырмандарға таныстыру, насихаттау, кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеу мақсатына, тілдер апталығының жоспары бойынша «Тіл—әр халықтың байлығы» атты кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Осы көрмеге қазақтың ұлы ақыны, дана ойшылы Абай Құнанбайұлының еңбектері, ұлтымыздың және орыс, ағылшын халықтарының ұлы ұстаздарының, ағартушы-ғалымдарының еңбектері, ғылыми жинағы, қазақ классиктерінің шығармалары ұсынылып және тілді өз бетінше үйренушілерге арналған «Қазақша сөйлейміз», «Қазақша-орысша-ағылшынша сөздіктер» кітаптары, түсіндірме сөздіктер, өзге ұлт өкілдеріне арналған оқу құралдары көпшілікке ұсынылды.
https://beskaragaycollege.edu.kz/kz/zhanaly-tar/362-til-r-khaly-ty-bajly-y-atty-kitaptar-k-rmesi.html#sigFreeIde1da77bf9f