Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 32 жылдығына орай колледждер мен әскери-патриоттық клубтары бойынша ШҚО VIII чемпионатына байланысты өткізілген іс –шара
Семей қаласы Технологиялық колледжінде Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 32 жыл толуына орай «Жас сарбаз» әскери - патриоттық клубтар арасында Ауған соғыс ардагерлерімен кездесу өткізілді.
Студенттер арасында әскери түрлі спорттық сайыстар өткізіліп, сайыс барысында Бесқарағай колледжінің студенттері сайысқа белсене қатысып, пневматикалық мылтықтан ату бойынша Курмангалиев Алмаз, оқжатарды жарақтау бойынша Баяндинов Серік марапаттарға ие болды.