Бесқарағай колледжінің студент-еріктілері "Мейірімді еріктілер-ЖасStar"

2019 жылдың 5 желтоқсанында облыстың колледждері мен жоғары оқу орындарының еріктілер қозғалысы арасында "Біргеміз" - "Мы - вместе" волонтерлердің облыстық слетіне қатысты. Слетке облыстың 53 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 320 студент қатысты.

Слеттің практикалық бөлімінде түрлі бағыттар бойынша 5 алаң жұмыс істеді:

"волонтер бола отырып, қалай зиян келтірмеуге болады" тренингі; "Халықаралық Қызыл Крест және қазақстандық Қызыл Жарты Ай қоғамымен волонтерлік жұмыс" дәріс – тренингі»;

алғашқы шұғыл көмек көрсету үшін базалық реанимациялық іс – шараларды оқыту "мастер-классы»;

"Эмпатия – волонтерлік қызметтің коммуникация тәсілі ретінде"мастер – классы.

Фойеде колледждердің волонтерлік қызметі туралы "Біргеміз" - "Мы - вместе" альбомдарының көрмесі ұйымдастырылды, онда 50-ден астам альбом қойылды.

Ерікті студенттер тренингтерге белсенді қатысып, волонтерлік қызметтің практикалық дағдыларын үйренді. Барлық тренингтер қызықты, мазмұнды өтті, еріктілердің жүректерін жандырып, оларға махаббат пен қайырымдылықты сіңірді.

Бұл іс - шара 2020 жылдың желтоқсан айында ШҚО оқу орындарының еріктілер қозғалысы арасында "Біргеміз" - "Мы-вместе" еріктілердің II облыстық слетінде өз жалғасын табады. Волонтер жылының қорытындысы бойынша облыстың колледждері мен жоғары оқу орындарының үздік волонтерлік қозғалыстары марапатталады.
Студенты-волонтеры Бескарагайского колледжа "Мейірімді еріктілер-ЖасStar"