Облыстық «Саналы ұрпақ-мәңгілік ел болашағы» атты форум 21.02.2020ж. күні ШҚО білім басқармасының ұйымдастыруымен «Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» КМҚК базасында өткізілді. Форум мақсаты: жастардың бойында адамгершілік, парасаттылық қасиетті, адалдық пен мәдениеттілік және әділдік принциптерін қалыптастыру және олардың заңды мүдделері мен еркіндіктерін, құқықтарын сыбайлас жемқорлықтан қорғауды қамтамасыз ету.
Форум барысында «Абайға адалдық» дүкені, «Саналы ұрпақ» кабинеті ашылып, 4 секцияда жұмыстар жүргізілді:
№1 секция «Пара және парадигма».
№2 секция «Инновациялық идеялар».
№3 секция «Абай. «Қызмет қылсын шен алсын деп бермедім».
№4 секция «Спорттық шара».
Форумды ШҚО білім басқармасының тәрбие бойынша бас маманы Ильясова Гульмира Бейсенбаевна құттықтау сөзімен ашты. Сонымен қатар, форумға Семей қаласы ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ыдырышева Гұлнұр Ниязбекқызы, Семей қаласы жастар ресурстық орталығының директоры Соғымбай Олжас Амангелдіұлы, ТжКББ мекемелерінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен 500 білім алушы қатысты.
Өткізілген форум адал ұрпақты тәрбиелеу мен сыбайлас жемқорлық, пара зияны болдырмау мен алдын- алу шараларын ұйымдастыру бағытында ықпалдаса жұмыс істеуді көздеді.