«Бесқарағай колледжі» кітапханасында  "Абай –дана, Абай-дара қазақта! "атты ашық сағаты өтті . Мақсаты:Ұлы ақынның 175жылдығына орай ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. -Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарларын арттыру.-Жас ұрпақты Абай Қунанбаевтың шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге тәрбиелеу. Бір жыл бойы колледжінің кітапханасында қазақ халқының ұлы ақыны Абай Қунанбаевтың  кітап көрмесі ұйымдастырылып тұрды.