Бесқарағай колледжінің кітапханасында Александр Иванович Куприннің өмірі мен қызметіне арналған іс-шара өтті. Бұл іс-шараның мақсаты: студенттерді А.И. Куприннің өмір кезеңдерімен, жазушы шығармашылығына қызығушылықтарын ояту; «Гранатовый браслет» , «Олеся» әңгімелерін мысалға ала отырып, махаббат тақырыбын және адамдар арасындағы қарым-қатынас мәселесін зерттеу; А.И.Купринның шығармашылығына деген сүйіспеншілікті арттыру. Орыс классикалық әдебиетіне деген құрмет сезімін тәрбиелеу.