Абай облысы тұрғындардың назарына!

1 қыркүйектен бастап ювеналды соттардың соттылығы кеңейтілді

Енді ювеналды соттар кәмелетке толмаған балалары бар ерлі-зайыптылар арасындағы некені бұзу, алимент төлеуден босату, кәмелетке толмағандардың еңбек, мұрагерлік, тұрғын үй құқықтарын қорғау, сондай-ақ олардың заңды мүдделері туралы даулар бойынша азаматтық істерді қарайды.

Барлық талап-арыздар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралатын болады.   

Соттың мекен-жайы:

Семей қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 26А.

Мемлекеттік бажды төлеуге арналған деректемелер: (КБК 108126, КНП 911 – 1725 теңге) – мемлекет кірісіне өзінің ЖСН-нен;

Алушы: Семей қаласының кіріс  басқармасы;

Байланыс деректері:

Сall-centre: +7 775-342-03-49, 8-7222-56-03-85.

Абай облысының  кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшісінің басшысының м.а:  + 7 775-342-03-49