Ақмарал Құсбекова 30 жылдан астам ұстаздық қызметпен айналысып келеді. Ұзақ жылдар бойы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде маман, ғылыми қызметкер және аға оқытушы болып қызмет етіп, студенттерге биология мен өсімдік шаруашылығына деген сүйіспеншілікті оятты. Өткен жылдың соңында сабақ беру саласындағы үздік жетістіктері мен бай тәжірибесі үшін "Бейбітшілік әлемі" (Планета мира) – "Народный учитель"Халықаралық қазақ шығармашылық бірлестігінің медаліне ие болды. Ақмарал Құсбекова ШҚО-да осындай маңызды кәсіби марапатқа ие болған алғашқы оқытушы болды