Қазан айында ZOOM қосымшасы арқылы Шығыс Қазақстан облысының колледждері арасында Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған виртуалды көрме өтті. Кітапханашы Магауина Р.Т. ұлы ғалымның кітаптарымен таныстырды, сонымен қатар оның өмірі туралы әңгімеледі. Конференцияны колледж кітапханасы қызметкерлерінің облыстық әдістемелік бірлестігінің төрайымы Мылтықбаева К.К. өткізді.