2018 жылғы 29 қараша күні Бесқарағай колледжінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш  Президент күніне орай колледж студенттері мен мектеп оқушылары  арасында «Ғажайып алаң»  ойыны өткізілді. Аталған іс-шараға Борас бала-бақша және Үлкен Владимировка орта мектебінің оқушылары шақырылды.

Іс-шара Колледж студенттері мен ұстаздарының «Алға Қазақстан!» флеш-мобымен ашылды.

Ойын барысында қатысушылар өз өнерлерін көрсетті.

Көрермендермен ойын өткізіліп, Үлкен Владимировка орта мектебінің ұстазы жеңімпаз аталып, сыйлыққа ие болды.

«Ғажайып алаң» ойынының мәресіне бірінші курс студенті Смагулов Рахат жетті.

Барлық қатысушылар бағалы сылықтармен және мақтау қағаздармен марапатталды.

Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шара жоғары деңгейде өтті.