Студенттердің сыбайлас жемқорлық туралы білімдерін тереңдету, Заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу, саяси сауаттылыққа баулу мақсатында 2018 жылғы 26 қазан күні колледж конференцзалында «Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күні» тақырыбында бірыңғай ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағаты барысында студенттерге сыбайлас жемқорлық туралы мәлімет беріліп, сыбайлас жемқорлық жайлы бейнебаян көрсетілді. Студенттер жемқорлық туралы өз ойларымен бөлісіп, өз пікірлерін сахналық көрініс арқылы көрсетіп, жемқорлықтың алдын-алуға шықырды.
Бесқарағай колледжі директорының
тәрбие жұмысы бойынша орынбасары
Б.Тасбулатова
Студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуге тәрбиелеу, оларға жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шараларды жетілдіру, студенттер арасында заңдылық пен жемқорлыққа қарсы тәртіп орнату мақсатында 29 қазан күні студенттер арасында «Стандарты оказания услуг –гарантия минимазиции коррупции» тақырыбында брейн-ринг өткізілді.
Брейн – рингке екі команда қатысты: «Честное поколение», «Справедливая молодежь».
Іс-шара 5 кезеңнен тұрып, студенттер әр кезеңде сыбайлас жемқорлық туралы өз білімдерін көрсетті. Ең қызықты кезең, қара жәшік ішіне сұрақ жасырылған кезең болды. Сонымен қатар бейнесұрақ кезеңінде студенттерге Бесқарағай ауданы әкімінің аппарат басшысы және Бесқарағай ауданы бойынша әдеп бойынша уәкілетті тұлға Т.Глазинскийдің сұрағы бейнебаянға түсіріліп, қойылды.
Іс-шара соңында қатысушылар «Самый эрудированный участник», «Лучший знаток», «Самая дружная команда», «Самая активная команда номинацияларымен марапатталды.
Бесқарағай колледжі директорының м.а. В.Е.Лапа
Бесқарағай колледжі директорының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Б.Тасбулатова