Ақиқатты айқындап жариялар,
Азайып бара жатыр қариялар.
Дауыл тұрса бүлк етіп толқымайтын,
Бара жатыр сарқылып дариялар- деп Мұқағали Мақатаев жырлағандай, шынымен де қариялар азайып бара жатыр.
1-қазан – Қарттар күні мерекесіне орай Бесқарағай колледжінің студенттері, яғни «еріктілер» тобы колледжге бекітілген бірнеше қарттардың үйлеріне барып, асыл қазынамыз қарттарға құрмет көрсетті. Бұл игі бастаманы бас болып, колледж оқытушылары бастап, студенттер қоштап алып кетті.
«Жас жүрген жер-мереке, қарт жүрген жер береке» -демекші колледждің еріктілері дана көз қарттарымызды мерекемен құттықтап, қыздар жағы үй жинастырса, ұлдар жағы аула тазалап көмек қолдарын созды. Еріктілер тобының мұндай қамқорлықтарына риза болған қариялар өз ризашылдықтарын айтып, алғыс білдірді.
Біз Бесқарағай колледжінің студенттері, еріктілер тобы, Елбасымыздың саясатын қолдап, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруды ең басты міндет деп санаймыз. Әрдайым айналамыздағы адамдарға көмек қолын созып, қоғамның ризашылығына бөленетін азаматтармыз. Ерікті – жеке басының пайдасын ойламай, өзгелерге қамқорлық жасауды әдетке айналдырған адам. Еріктілер – жақсылық жасауға жаралған жандар. Баршаны жақсылыққа жетелегісі келетін еріктілер үшін ең басты марапат – өзгелердің алғысын алып, рухани азық арқылы ой өрісін кеңейту. Қамқорлыққа, мейірімге мұқтаж адамдардың жүрегін жылытып, өмірді жақсылықпен нұрландыру мақсатында Қарттар күні мерекесіне орай көрсеткен игі ісімізге барлығымыз шын ниетпен ат салыстық деп ойлаймыз.
Бесқарағай колледжі