2018 жылғы 29 қыркүйек күні Бесқарағай колледжінің студенттері колледж әкімшілігінің бастамасымен «Рухани жаңғыру» Бағдарламасы аясында, бағдарламаны жүзеге асыру барысында қазақтың ұлы ақыны Абайдың туған жеріне, Жидебайға барып қайтты.
Студенттермен бірге колледжде бүгінгі таңда Халықаралық байланыс жасау мақсатында, Германия мемлекетінің Бонн қаласынан келген, ауылшаруашылығы ғылымының докторы, эксперт Бернд Мартин Мойелер де барды. Студенттер және шет елден келген эксперттің киелі жер туралы әсерлері ауызбен айтып жеткізбестей.
Бернд Мартин Мойелер қазақтың кең байтақ даласына, таза ауасына таңқалып, халқының қонақжайлылығына риза болғаны туралы айтты.
Студенттер де Абай туралы, туған киелі жері туралы білім қорлары молайып, көзқарастары өзгергендері жайлы айтып, бір күндік саяхаттан алған әсерлері туралы өзара бөлісті. Әсіресе 1 курс студенті Бурнусуз Ксения алғаш рет студенттік өмірдің бастамасы осындай саяхатпен басталғаны үшін дән риза.
Әрине, мұндай іс-шаралар 1 курс студенттер үшін тек бастама ғана, осындай іс-шаралар өз жалғасын әлі табады деген сенімдеміз. Себебі қазіргі уақытта колледжіміз күннен-күнге көркеюде. Студенттерге білім алу үшін барлық жағдай жасалуда, бізден талап етілетіні тек қана білім алу.
Елбасымыз «Рухани жаңғыру» мақаласында қазіргі заманды және болашақты терең түсіне алатын білімді адамдар ауадай қажет деп көрсеткен болатын. Ішкі руханиятымыз арқылы, сыртқы өзгерістерді жақсы жағынан қабылдап, жаңғырудың даңғыл жолына түсуге көшбасшымыз болашақ мына бізге дара жол көрсетті. Ол соқпақтардан қалай өту керектігін айтып, бағыт бағдар берді. Ендеше, біз еліміздің болашағы көкжиектен ауытқымай, ұлт көшбасшысының өскелең ұрпаққа мензеген дара жолымен биік шыңдарды бағындырайық дегім келеді.
Бесқарағай колледжі студенттер кеңесінің
ақпараттық-насихаттау секторына жауапты
студент Нұрланбек Қайсар