«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында
колледж студенттерінің арасында шағын футболдан өткен сайыстың
есебі
Қыркүйектің 28 күні Бесқарағай колледжінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында колледж студенттерінің арасында шағын футболдан турнир өткізілді.
Аталмыш жарыстың басты мақсаты –колледж студенттері арасында салауатты өмір салтын дәріптеу, студенттердің дене шынықтыру дайындығын жоғары деңгейде ұстауын қамтамасыз ете отырып, спорттық даярлығын көтеру болып табылады. Спорттық додаға барлығы 5 команда, 30 студент қатысты.
Студенттер арасындағы бірлікті, командалық қолдауды нығайтуды мақсат тұтқан бұл спорттық кездесу өте тартысты өтті. Спорттық бәсекенің қорытындысы бойынша І орынды ОП-231 топ командасы иеленсе, ІІ орынды ТМ-221 және ТМ-111 топ құрама командасы қанжығасына байлады, МР-211 топ командасы жарыстың ІІІ орын жүлдегерлері атанды.
Сондай-ақ жарыс шеңберінде үздік қорғаушы, үздік шабуылшы, үздік қақпашы, үздік ойыншы бойынша үздіктер анықталды. «Үздік қорғаушы» номинациясына ТМ-221 топ ойыншысы Қунғазин Дәурен лайық деп танылса, «Үздік бомбардир» аталымы бойынша МР-211 топ студенті Нұрланбек Қайсар, «Үздік қақпашы» аталымы бойынша ТМ-221 топ командасының ойыншысы Жаябаев Бауржан, «Үздік ойыншы» аталымы бойынша ОП-231 топ ойыншысы Сыздыков Ержан марапатталды.
Жарыс соңында жеңімпаз командалар мен жүлдегерлер жарыс кубогымен, дипломдармен марапатталды.
Дайындаған дене шынықтыру оқытушысы: Б.Т. Кабаева
28.09.2018 ж