Бесқарағай колледжінің кітапханасында  Қазақстан халқының тілдер мерекесіне орай ұстаздар мен оқушылардың қатысуымен мерекелік іс-шара өтті.

 

Өтілген іс-шараның мақсаты: Қазақстан халқының мемлекеттік тілі мен басқа тілдерге деген қызығушылығын арттырып, еліне деген мақтанышқа тәрбиелеп, Қазақстан Республикасында тұрып жатқан басқа ұлт өкілдеріне деген силастықты нығайту.

 

Мерекелік іс-шараны орыс тілі және әдебиеті пән мұғалімі А.С.Айтчанова ашып, кітапханашы Р.Т. Магауина әр тілді кітаптар қатарын ұсынып, үштілдік ұғымымен таныстырды. Психолог Е.Т. Глазинская оқушылар арасында «Сүйікті сөз» атты ойын жүргізді, оқушылар белсенді түрде қатысты. Мерекелік іс шарада Мукажанова С., Шац Н., Нурланбек К., Берсон М оқушылар әр тілде өлең оқыды. Оқушылардың белсенді қатысуымен мерекелік іс шара жоғары деңгейде өтті.